Атыраудағы апаттан зардап шеккендер материалдық өтемақы алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Алматы-Атырау» бағытындағы пойыздың апатқа ұшырауы салдарынан зардап шеккен жолаушылар материалдық көмек талап ете алады.
None
None

«Қазір бұл мәселе қаралып жатыр», - деді брифингте Атырау темір жол желілік бөлімінің бас инженері Жәнібек Жүнтұрбаев.

Заң бойынша билет құнына жолаушының денсаулығына келген зақымға байланысты сақтандыру өтемақысын алуға құқық беретін сақтандыру да кіреді.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Болатбек Омаровтың айтуынша, жарақат алған жолуашылардың заттары вагондарда қалып қойған болуы мүмкін. Сондықтан, апат орын алған аумақ облыстық ІІД қызметкерлерімен қоршауға алынды.

Соңғы жаңалықтар