Атыраудағы автомобиль көпірінің құлауына кінәлі адамдар сотталды

АСТАНА. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Атыраудағы автомобиль көпірінің құлауына кінәлі адамдар сотталды. Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Жандос Өмірәлиев айтты.
None
None

«Өткен жылы Атырау қаласында салынып жатқан автомобиль көпірінің құлауы салдарынан болған қайғылы оқиға болды. Сол кезде «Трансқұрылыскөпір» АҚ-ның көпір құрылысы бригадасының сегіз жұмысшысы қаза тапқан болатын. Осы оқиғаға байланысты қылмыстық істің тергелуі аяқталып, оның нәтижесі бойынша кінәлі адамдар сот үкімімен түрлі жазалау шараларына сотталды», деді ресми өкіл.

Ж. Өмірәлиевтің айтуынша, атап айтқанда, «Трансқұрылыскөпір» АҚ-ның прорабы, кәсіпорынның бас инженері, Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бойынша көпір құрылыстары жөніндегі атқарушы директордың орынбасары, «Трансқұрылыскөпір» АҚ еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік инженері, механиктері сотталды.

Айта кетейік, 2009 жылғы қыркүйекте көпірдің 60 метрлік бөлігінің құлап кетуі салдарынан 8 адам қаза тапқан еді.

Соңғы жаңалықтар