Атыраудағы құлаған көпірдің жобалаушысы қамауға алынды

деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.
Атырау облыстық ішкі істер департаменті осы қылмыс деректері бойынша мердігер компанияның бас инженері М.Бекмағамбетов пен жобаның техникалық басқаруына жауап беретін О.Зайцевтің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 245-ші бабының 2-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғаған еді.
Облыстық Ішкі істер департаменті сот алдында М.Бекмағамбетовты бас шарасын «үйде қамап ұстауға», ал О.Зайцевтың бас шарасын «қамауға алуға» санкция беру туралы өтініш берген болатын, алайда Атырау қалалық соты аталған өтініштерді қанағаттандырудан бас тартқан.
«Бірінші сатыдағы сотпен айыпталушылардың жасаған қылмысы ауыр қылмыстар санатына жататыны, нәтижесінде бірнеше адамның өліміне әкеліп соққаны ескерілмегендіктен, сот қаулысына жеке наразылықтар енгізілген болатын.
Атырау облыстық сотының желтоқсанның 22-сіндегі қаулысымен Атырау қалалық сотының О.Зайцевке қатысты қаулысының күші жойылып, 2 ай мерзімге қамауға алуға санкция берді», деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.
Атырау қаласындағы Мечников-Құрманғазы көшелерін қосатын көпір құрылысын жүргізу кезінде құрылыс нормалары мен ережелері өрескел бұзылуының нәтижесінде ағыдағы жылы қыркүйектің 11-інде көпір құлап, мердігер мекеме «Көлікқұрылыскөпір» акционерлік қоғамының 8 жұмысшысы қаза болғаны бұдан бұрын хабарланған болатын.