Атыраудағы Жеңіс саябағында 3000 терек көшеті отырғызылады

АТЫРАУ. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда Мамырдың 9-ына дейін Жеңіс саябағының алаңы кеңейеді. Ол жерде 3 000 терек көшеті отырғызылатын болады.
None
None

Қала әкімінің орынбасары Әділбек Нұрлығожиев хабарлағандай, бірнеше теректі саяжай бұрынғы Сутягин бағының орнында пайда болады. 90-шы жылдары бақ жоғалған болатын. Оның аумағының бір бөлігінде Жеңіс саябағын орнатқан, ал енді теректер отырғызылған соң, саябақ біршама кеңейетін болады.

«Теректер көшеті қалаға әкелініп қойған, қазір оларды отырғызу жүргізіліп жатыр. Жеңіс саябағында сонымен қатар, «Мәңгілік алау» мемориалы жаңартылып, жолдар жөнделуде. Саябақты жаңарту үшін 100 адам жұмылдырылған», деді А. Нұрлығожиев.

Соңғы жаңалықтар