Атыраудың генералдары кіші офицерлерге тиесілі пәтерлерді заңсыз таратуда - Президентпен байланыс орталығы

АСТАНА. Қазанның 31-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Елбасы Атыраудағы Батыс әскери топтарының штабы тарапынан жасалып жатқан заң бұзу әрекеттері туралы біле ме? Бүгін Президенттің халықпен тікелей эфир арқылы тілдесуіне орай Астанада жұмыс істеп жатқан Байланыс орталығына Арман есімді азаматтан осындай сауал түсті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның хабарлауынша, Батыс әскери топтары штабының жоғары шенді азаматтары кіші офицер санатындағы қызметкерлерге тиесілі пәтерлерді заңсыз таратуда. «Қазіргі кезде құжат жүзінде кіші офицерлерге пәтер берілді. Бірақ іс жүзінде баспананың барлығы майорлар мен полковниктерге таратылған. Кіші офицерлер болса, ескі казармада тұруға мәжбүр», - дейді Арман. Оның сөзіне қарағанда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Атырауға соңғы рет келген кезде, осы мәселенің басы ашылмас үшін кіші офицерлер мен олардың отбасыларын бір көпірдің астынан кіргізіп, арнайы тігілген палаткаларда отыруға бұйрық берілді. Олар Президент кеткенше, көпірдің астында отыруға мәжбүр болды.

Сондай-ақ Ақтаудағы теңіз пехотасында қалыптасқан жағдай көңіл көншітпейді. Ондағы сержанттар жаңадан келген әскерилердің жалақысын бопсалап, ай сайын барлық ақшаларын алып қояды. Онымен қоймай, үйге кететін солдаттардың формасын да өздерінде қалдыруға тырысады.

Соңғы жаңалықтар