00:23, 30 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Атыраулық «атқыш» 3 жылға сотталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жылыой аудандық соты бұзақылық жасауға күдікті А.Хасановқа қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.
2015 жылғы 9 шілдеде А.Хасанов Қосшағыл кентінде «Ақниет» дүкенінің жанында өзінің танысын кездестірді, онымен екеуі сөзге қалып қалды, оған себеп дұрыс амандаспадың деген сылтау. Екі сағаттан кейін ол үйінен аңшылық мылтығын алып шығып, өзінің достарымен дүкенге келді және автомобиль салонында отырып, жан-жағына оқ ата бастады.
Осы кезде көшеде кетіп бара жатқан «Тойота-Хайлюкс» автомашинасының 75 жастағы жүргізушісііне кездейсоқ оқ жарқыншағы тиді. Тағы бір оқ оның машинасының есігіне қадалды.
Соттың үкімімен А.Хасанов ҚР ҚК 3-бөлімі 293-бабы 2-тармағымен (бұзақылық) айыпты деп танылып, 3 жылға бас бостандығын айыру жазасы тағайындалды.