Атыраулық қаржы полицейлерінің назарына «Шлюмберже Лоджелко Инк» компаниясы ілікті

АТЫРАУ. 27 сәуір. ҚазАқпарат - «Шлюмберже Лоджелко Инк» компаниясы филиалының лауазымды тұлғаларына қатысты қозғалған қылмыстық іс тергелу үстінде.
None
None

Бұл турасында Атырау облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары Қуаныш Ізжанов мәлімдеді.

Қылмыстық іс 688 млн. теңге көлемінде салықты төлеуден жалтару фактісі бойынша қозғалып отыр.

«Шлюмберже» - әлемдегі мұнай өнеркәсібі қызметін жеткізетін жетікші кәсіпорын. Елімізде «Шлюмберже» 1992 жылдан бері еңбек етуде және ұңғымаларды бұрғылау, сейсмикалық барлау жұмыстары, ұңғымаларды геофизикалық зерттеу, цементтеу, бағдарламалық қамсыздандыруды орнату және қызмет көрсету қызметтерін ұсынады. «Шлюмберже» ҚР аумағында жұмыс істейтін ірі мұнай компанияларымен ықпалдастық етеді.

Соңғы жаңалықтар