Атыраулық және маңғыстаулық балалар Алматыда демалуда

АТЫРАУ. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Биыл Маңғыстау және Атырау облысының 200 баласы Алматының «Сарыарқа» шипажай үлгісіндегі лагеріне демалуда.
None
None

Олардың барлығы - тұрмысы төмен отбасылардың балалары немесе интернаттар мен балалар үйлерінің тәрбиеленушілері. Демалып, денсаулықтарын қалпына келтіріп алулары үшін оларға жағдай жасап отырған «Аджип ККО» компаниясы.

«Аджип ККО» компаниясының баспасөз хабарлағандай, бұл лагердің таңдалуына осы жердегі массаж, тіс дәрігері, физиокабинеттердің, ингаляториялардың болуы, осының арқасында балалардың тек демалып қана қоймай, сонымен қатар қажетті ем қабылдауына да барлық жағдай жасалып отыр.

Соңғы жаңалықтар