Атыраулықтар несиені аз алып, долларды көбірек сатып ала бастады

АТЫРАУ.  Қазанның  30-ы.  ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ -   Атырау  облысының тұрғындары  жылдың басынан бері екінші деңгейлі банктерден  және   валюта  айырбастау пункттерінен 369  миллион доллар  сатып  алған. 
None
None

 Бұл   былтырғы жылдың    сәйкес  кезеңінде сатып алған    американдық  валютадан  6 пайызға көп.

ҚР Ұлттық банкінің Атырау  филиалынан    хабарлағандай, халықтың  ресейлік  рубльді  сатып  алуында да  белсенділік  байқалып  отыр -   ресей  рублінің    сатылу көрсеткіші  де былтырғыдан  біршама  жоғары.    

Дегенмен, атыраулықтар     екінші деңгейлі банктерде   былтырғыдан  әлдеқайда аз    несие   ресімдеген.  Өткен  9 айда банктер  40 миллиард теңгеге  несие  ресімдеген,  бұл  банктер  2008 жылы берген несиеден 50 пайызға аз.

Соңғы жаңалықтар