07:33, 27 Шілде 2012 | GMT +5
Атыраулықтар Олимпиадада бақтарын сынайтын жерлестері намысты қолдан бермейді деген сенімде
АТЫРАУ. 27 шілде. ҚазАқпарат - Атыраулықтар Олипиадада бақтарын сынайтын жерлестері үшін жанкүйер болуға дайындалуда.

Лондондағы Олимпиада ойындарына Атырау облысынан екі спортшы - дзюдошы Ринат Ибрагимов пен таэквандошы Гүлнафиз Айтмұхамбетова қатысады. Барлық жергілікті БАҚ-да атыраулық спортшылардың, яғни жерлестерінің қашан және қай уақытта сынға түсетіні, теледидардан көрсетілетін уақытына дейін хабарланған.
Айта кетейік, Ринат Ибрагимов 73 келіге дейін салмақта сынға түседі. Бұл салмақтағы дзюдошылар 30 шілде күні күш сынасады. Гүлнафиз Айтмұхамбетова 67 келіге дейін салмақта сынға түсетін жарыс 10 тамыз күні өтеді. Дүбірлі дода «Ел-Арна» арнасында көрсетілетін болады.