АУА РАЙЫ: 31 мамырда еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 31 мамырда Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады, желдің күшеюі күтіледі, солтүстікте, орталықта және шығыста бұршақ болуы ықтимал. Тек республиканың оңтүстігінде жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
None
None

Ақмола, облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с-ге күшеюі күтіледі, бұршақ болуы ықтимал.

Маңғыстау, Қостанай, Павлодар, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с-ге күшейеді, күндіз бұршақ болуы ықтимал.

Қарағанды, облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге күшейеді, бұршақ болуы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге күшейеді, күндіз бұршақ болуы ықтимал.

Қызылорда облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Соңғы жаңалықтар