Ауа райының қолайсыздығынан Ақтөбе облысында барлық бағыттарға жол жабылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында 19 наурыз, сәрсенбіден бастап боран салдарынан Ақтөбе-Алға, Ақтөбе-Орынбор жолынан басқа автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.
None
None

Облыстық ТЖ департаментінен хабарлағандай, жол ауа райы жағдайы қолайлы болғанға дейін жабық болмақ. «Қазгидрометтің» болжамына сәйкес 20-21 наурыз аралығында Ақтөбеде және Ақтөбе облысында бұрқасындатып, қар жауады, тұман, көктайғақ болады деп күтілуде. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп күтілуде. ТЖД деректеріне сүйенсек, қар құрсауында қалған адамдарды құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. ТЖД бас маманы Құмар Тұрмағамбетовтың хабарлауынша, өткен тәулікте 2 адам құтқарылып, 129 адам, оның ішінде 5 бала қар құрсауынан шығарылды. Сондай-ақ құтқарушылар Мұғалжар ауданының Жұрын кентінен жүкті әйелді жедел медициналық көмек көрсету үшін Қандыағаш қаласына жеткізді. Ал Алға ауданының аумағында «Вадим» шаруа қожалығының 56 жастағы жұмысшысы құтқарылды. Сонымен қатар, жұмысынан таңертеңгі 11-де шығып, боранда адасып кеткен Игорь Хажгалиевты құтқарушылар 4 сағаттан кейін ғана есі кіресілі-шығасылы күйде тауып алды. Зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, аудандық ауруханаға жеткізді.

Соңғы жаңалықтар