14:47, 26 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Ауа райының нашарлауына байланысты Жамбыл және Қарағанды облыстарының автожолдарында көлік қозғалысы шектелді - ТЖМ
АСТАНА. Желтоқсанның 26-сы. ҚазАқпарат - Ауа райының нашарлауына байланысты Жамбыл және Қарағанды облыстарының автожолдарында көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Атап айтқанда, екпіні секундына 15 метрге жететін қатты желдің салдарынан Жамбыл облысында желтоқсанның 26-сы таңғы сағат 06.00-дан бастап Алматы-Ташкент жолындағы Қордай ауылынан «Отар» бақылау бекетіне дейінгі аралықтағы учаскеде 15 минут аралықпен 5 көліктен өткізілуде. Бұл учаскеде «Қазатомжол» кәсіпорнының ДЭУ-34 үш арнайы техникасы жұмыс істеуде.
Ал Қарағанды облысындағы Қарағанды-Жезқазған тас жолында, көктайғақтың салдарынан Атасу ауылынан Жезқазғанға дейінгі аралық жол жолаушылар көліктеріне жауып тасталды.