Аудан басшысы ардагерге құрмет көрсетті

ОРАЛ. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-дағы Ақжайық ауданының әкімі Абай Иманғалиев Орал қаласында тұратын, Мәскеудегі биылғы Ұлы Жеңіс мерекесіне қатысатын Бисен Жұмағалиевке арнайы келіп, құрмет көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Аудан әкімінің айтуынша, Ұлы Жеңіс мерекесіне орай ауданда «Майдангерлер» және «Боздақтар» атты екі кітап жарық көрген. Соғысқа қазіргі Ақжайық ауданынан 11 мыңнан астам адам қатысып, соның алты мыңы елге аман-есен оралған. Соның бірі - Тайпақ топырағында туып-өскен Бисен Жұмағалиев. Сондықтан оның есімі «Майдангерлер» кітабына енгізілген.

Аудан басшысы Бисен Жұмағалиевке «Ақжайық ауданының құрметті азаматы» ретінде алғысхат табыс етіп, өңіріне төсбелгі тақты. Ардагердің жолына арнайы қаражат бөлгенін де жеткізді.

Соңғы жаңалықтар