Аудан орталығында жаңа дәріхана ашылды

ОРАЛ. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Сырым ауданы орталығы Жымпиты ауылында «Талап» АҚ дәріханасы ашылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімі Ерлан Нысанғалиевтің атап өткеніндей, ауылдағы қызмет түрлері қаладағыдан кем болмауы тиіс. Жаңа дәріхана осы мақсатта ашылып отыр. Енді аудан тұрғындары облыс орталығына сабылмайды.

«Талап» АҚ мамандары тұрғындарды қабылдап, көзілдірік таңдауға көмектесті. Тұрмысы төмен бес отбасыға жаңажылдық сыйлық тарту етілді.

Соңғы жаңалықтар