11:56, 25 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Ауданаралық сауықтыру орталығында шалғай аудандар тұрғындары ем ала бастады
ОРАЛ. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Жаңақала ауданы орталығында ашылған ауданаралық сауықтыру орталығында шалғай аудандар тұрғындары ем ала бастады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Республика бойынша екінші болып ашылған орталықтың міндеті - «Азғыр», «Капустин Яр» әскери полигондарынан зардап шеккендер мен созылмалы, диспансерлік есепте тұрған науқастарды негізгі емнен кейін сауықтыру. 100 төсектік орталықта әзірге 53 адам ем алуда. Бұлардың бесеуі - Ақжайық, тоғызы - Жәнібек, 16-сы - Бөкей ордасы, 23-і Жаңақала ауданынан.
Дәрігерлер Әлия Бисенғалиева мен Сұлуғаным Қожағалиеваның сөзіне қарағанда, жаңа жылдан бастап облыстың барлық аудандарынан, облыстық, қалалық ауруханалардан жолдамамен келгендер де қабылданбақ.