19:19, 04 Қазан 2010 | GMT +5
Аудандық қылмыстық-атқару инспекциясының қызметкері парақорлығы үшін істі болды - Қостанай
ҚОСТАНАЙ. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысының Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департаменті Меңдіқара аудандық қылмыстық-атқару инспекциясының бөлім басшысының үстінен қылмыстық іс қозғады.
Қаржы полициясының ақпараты бойынша, әлгі шенеунік шартты мерзімге сотталған азаматтан 500 долларға тең сома талап еткен. Осы ақы үшін ол әлгі азаматтың шартты мерзімін нақты мерзімге ауыстыру туралы ұйғарымды сотқа жөнелтпеуге уәде берген. Шенеунік сот санкциясымен қамауға алынды.