23:31, 28 Шілде 2015 | GMT +5
Аудандық мешіт қайырымдылық акциясын ұйымдастырды - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Жаңақорған аудандық мешітінің ұйымдастыруымен «Жақыныңа жәрдемдес» атты дәстүрлі қайырымдылық акциясы биыл үшінші мәрте өткізілді,- деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Акция аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған және тұрмысы төмен 45 жанұяға азық-түлік өнімдері үлестірілді. Оның ішінде ұн, макарон, өсімдік майы, күріш, қант өнімдері бар. Жаңақорғандық жомарт азаматтардың материалдық тұрғыдан көрсеткен жылу жәрдемі жергілікті әлеуметтік көмекке зәру отбасыларына табысталды. Мәрт мінезді кәсіпкерлерге алғысын жеткізген ауданның бас имамы Сайдулла Омаров жиылған жамағатты қашанда жақсылық жолында жарысуға үндеді.