Әуе билеттерінің жоғары бағасы үшін Эйр Астанаға қарсы 3 әкімшілік іс қозғалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әуе тасымалдау қызметтерінің монополиялық жоғары бағасын тексерудің басынан бері антимонополиялық орган «Эйр Астана» АҚ әуе компаниясына құжаттар мен ақпараттарды көрсету туралы 3 сауал жіберген. Олардың кейбіріне жауап берілмеген немесе жартылай ғана жауап берілген, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

«Тергеп-тексеру басталғаннан бері монополияға қарсы орган авиакомпанияның атына ақпарат және құжаттарды ұсыну туралы 3 сұрау салу жолдады. Оларға жауап берілмеді не толық көлемде берілмеді.

Осыған орай, монополияға қарсы органның тергеп-тексеру жүргізіп жатқан лауазымды адамдары, жүргізіліп жатқан тергеп-тексеру шеңберінде 30 қыркүйектегі және 6 қазандағы сұратылған ақпаратты ұсынбағаны/ақпаратты толық көлеме ұсынбағаны үшін  «Эйр Астан» АҚ қатысты әкімшілік істер қозғады», - делінген хабарламада.

«Эйр Астана» АҚ қатысты жүргізіліп жатқан тексеру аясында барлығы 3 әкімшілік іс қозғалды. 

Соңғы жаңалықтар