«Әуелі экономика, содан кейін саясат» деген сөздің мәні осындайда аңғарылады - А. Бұлашев

trong>. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат/Гүлмира Әлиакпарова/ -Қырғызстандағы көтерілістің тамыры тереңде жатыр. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері айыр қалпақты ағайындарымыздың бағы ашылмай-ақ тұр.
None
None

Екі төңкерістің арасындағы бес жыл ішінде, өкінішке орай, халықтың жағдайында айтарлықтай жағымды өзгерістер байқалмай отыр, деді көрші елдегі жағдайға байланысты өз пікірін білдірген С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Айтбай Бұлашев.

А. Бұлашевтың айтуынша, аталмыш оқиғаның өрістеуіне негізгі түрткі болып отырған жағдай - елдің одан әрі кедейлене түсуі. «Тек бір ғана мысал келтіре кетейін. Әр адам басына шаққанда көршілеріміздің жылдық табысы біздің елмен салыстырғанда он еседен астам төмен екен. Басқаша айтқанда, қырғыздардың атқа мінуінің негізгі себебін ел экономикасының тұралап қалуынан іздеу керек. Ал, енді мұндай жағдайда оппозициялық партиялардың жандануы заңды құбылыс. Міне сондықтан да, алтыншы сәуірдегі толқу ел өмірінде орын алған экономикалық, әлеуметтік және саяси мәселерлердің салдарынан пайда болып отыр. Оның үстіне наурыз айынның ортасында оппозициялық күштердің халық тұрмысын түзетуге, бағаны төмендетуге, жекешелендіріліп кеткен стратегиялық маңызы бар нысандарды кері қайтару, қамауға алынған оппозиция басшыларын босату және тағы басқа талаптарына биліктің көңіл бөлмеуі саяси жағдайды тіптен ушықтырып жіберді. Ал, опозиция болса халықты жетінші сәуірге жоспарлаған құрылтайына дейін ұстап тұра алмады. Бұл жағдайлар шеруге шыққандардың бұзақылық және тонаушылық әрекеттеріне жол ашып, қырғыз халқының абыройына үлкен дақ түсірді. Кейінгі бес жылда елдің Ата заңының үш мәрте өзгеруі, биліктің әрекеттерін сынаған бұқаралық ақпарат құралдарының, оппозиция өкілдерінің қыспаққа түсуі Қырғыз елінде саясат мәселелеріне басыңқылық беріліп отырғанын айғақтайды. Бес жыл аралығында болған екі көтерілістің Орта Азияда ең бір демократиялық мемлекет ретінде таныла бастаған елдің беделіне айтарлықтай көлеңке түсіретінін ешкім жоққа шығара қоймас. Мұндай елге ешбір шетелдік инвестор қаржы әкелмейді, білім, ғылым және мәдениет саласындағы халықаралық жобалар бүлікшіл елді айналып өтеді, ал тұрғылықты халық болса өз кәсібін басқа елдерден іздей бастайды. Осы кезде Елбасымыздың «әуелі экономика, содан кейін саясат» деген ұлағатты сөзі ойға оралады. Әлемді шарпыған дағдарыс кезінде бұл қағида өзектілене түсті. Сондықтан да біз қазіргі жағдайда «бір жағадан бас бір жеңнен қол шығарып», тағдыр сынағынан мүдірмей өтуіміз үшін барлық күш жігерімізді еліміздің өркендеуіне жұмылдыруымыз керек. Бақыт пен бақтың ынтымағы жарасқан елге қонатынын естен шығармағанымыз абзал болар. Жалпы алғанда, әлемнің назарына іліккен қырғыз оқиғасына билік те, оппозиция да жауапты. Сондықтан да екі жақ ортақ мәмілеге келіп, халықты сабырлық пен мәдениеттілікке шақыра отыра, шиеленісті өркениетті жолмен шешкені жөн болар», дейді ректор.

Соңғы жаңалықтар