Әуежайда жеке мүлік бүлінсе, өтемақы қалай төленеді

АСТАНА. KAZINFORM – Жолаушы ұшқанда немесе қонған сәтте жүгі бүлінген жағдайда не істеу керек? Елорданың халықаралық әуежайы өтемақы мәселесін түсіндірді

Әуежайда жеке мүлік бүлінсе, өтемақы қалай төленеді
Фото: Freepik

— Жүгіңізді алғанда, зақым келгенін байқадыңыз ба? Дереу әрекет етіңіз. Алдымен жүкті алу аймағындағы әуе компаниясының өкілдігіне жүгініңіз. Жүктің зақымданғаны туралы актіні толтыруды сұраңыз — маңызды құжат. Кейін өтемақы төлеу туралы өтініш жазыңыз, талапты әуежайда немесе онлайн жазуға да болады, — деп түсіндірді әуежай өкілі.

Содан соң әуе компаниясы тексеріс жүргізіп, келтірілген зақымның сипатын бағалайды.

— Егер әуе компаниясының кінәсі дәлелденсе, залалды өтейді. Өтемақы ақшалай немесе жаңа шабадан беріледі, — деп нақтылады ол.

Айта кетейік, балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынылатыны туралы жазған едік

Еске салайық, Көлік министрлігі елорда әуежайын дамытуға 1,1 млрд доллар инвестиция тартпақ

Соңғы жаңалықтар