12:31, 26 Сәуір 2013 | GMT +5
Ауған халқына көмек пен қолдау көрсету бойынша өз міндеттерімізді орындаймыз - Қазақстан басшысы
АЛМАТЫ. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Ауғанстанмен байланысты проблемалардың спектрі Қазақстан мен Солтүстікатлантикалық альянстың өзара іс-қимылының маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Бұл туралы бүгін Алматыда Ауғанстан бойынша Ыстамбұл үдерісіне қатысушы елдер Сыртқы істер министрлерінің 3-ші конференциясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
Елбасы Ауғанстанда қауіпсіздікке қолғабыс жасау бойынша халықаралық күштердің операциясы басталғаннан бері Қазақстан Альянспен жүк транзиті туралы келісімін жүзеге асыру аясында коалиция әскерлеріне жыл сайын көмек көрсетіп отырғандығын ескеріп өтті.
Сонымен қатар Н. Назарбаев қазіргі кезде Қазақстан Үкіметі Каспийдің Ақтау порты есебінен НАТО жүктері үшін транзиттік әлеуетті кеңейтуге дайындалып жатқанын жеткізді.