Ауғандық кәсіпкерлер өз еліне Қазақстаннан 7 млн. доллардан астам тауарларды импорттамақ

АЛМАТЫ. 11 шілде. ҚазАқпарат - «KAZNEX INVEST» Экспорт және инвестициялар бойынша ұлттық агенттігінің АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігімен бірлесіп Ауғанстанның Кабул қаласында ұйымдастырған сауда миссиясының қорытындысы белгілі болды.
None
None

Бұл шара кезінде қазақстандық 14 компания өз өнімдерін ілгері жылжыту мақсатында 100-ден астам ауғандық кәсіпкерлермен кездескен болатын. Келіссөздер кезінде ауған кәсіпкерлерімен Қазақстаннан 7 млн. доллардың өнімдерін импорттауға уағдаластыққа қол жеткізді. Қазақстандық кәсіпкерлер сондай-ақ, Ауғанстанға күнбағыс майын, ұн мен макарон өнімдерін, фармацевтикалық препараттарды, және құрылыс материалдарын, әйнек, тұрмыстық химия өнімдерін экспорттауға мүмкіндік алды.

Соңғы жаңалықтар