Ауғандықтарға қоғамды қарулы текетірестен жасампаздық рельстерге аударуға көмектесу - ЕҚЫҰ қызметі мен халықаралық коалицияның негізгі мақсаты
Өз сөзінде К.Жигалов бүгінде еуропалық қауіпсіздік ұғымы құрлықтық ауқымнан шығып Еуразияның бүкіл ұлан-байтақ кеңістігін қамтып отырғанын атап өтті. Міне, сондықтан да Қзақстан Ауғанстанға баса көңіл бөлуге ниеттеніп отыр. Ауғанстан мәселесі қазақстандық төрағалық ауқымында Қазақстанның сыртқы саясатының логикалық буыны болып табылады.
Бұл орайда жылдың басында Қазақстан мен Альянс арасында Қауіпсіздікке жәрдемдесу халықаралық күштеріне қолдау ретінде теміржол жүк транзиті туралы келісімге қол қойылғаны елеулі қадам болды. Мұндай келісімдер бұрын Германиямен, Франциямен, АҚШ-пен және Испаниямен жазалған болатын.
Қазақстандық өкілдің айтуынша, ЕҚЫҰ қазіңргі төрағасының ұстанымы жағынан қарағанда осы заманғы осынау қатерлермен күрестің прадигмасын өзгертіп, әскери-полицейлік әдістен гөрі осы қатерлердің көзін жою жағына бұрылу қажет. Ауғандықтарға қоғамды қарулы текетірестен жасампаздық рельстерге аударуға көмектесу - ЕҚЫҰ қызметі мен халықаралық коалицияның негізгі мақсаты
Әлемдік дағдарыс салдарына қарамастан Қазақстанның қазақстан-ауған қатынастарын жүзеге асыруға 50 млн. доллар бөліп, соған сәйкес ҚР елдің оқу орындарында 1000 ауған маманын дайындау жөніндегі бастамасын НАТО-да жоғары бағалады. Министрдің орынбасары Қазақстан ЕҚЫҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан шекарасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету деңгейін көтеру, трансшекаралық ынтымақтастықты дамыту, ұлттық шекаралық әлеуеттерді және Ауған полицейлері күштерін нығайта түсу жөніндегі белсенді жұмысын жалғастыратын болады, деп мәлімдеді.
ЕҚЫҰ ауқымындағы атқарылатын іс-қимылдарға тоқтала келіп, министрдің орынбасары 2010 жылы ЕҚЫҰ саммитін өткізу жөніндегі ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасына баса назар аударды. Бұл ұсыныс халықаралық қоғамдастық тарапынан қызу қолдау тауып отыр. К.Жигалов осы мәселелердің бәрі НАТО мен Еуроатлантикалық әріптестік кеңесінің айрықша назарын аударатынына сенім білдірді.