Ауғанстан СІМ басшысы Қазақстанда тегін білім алып жатқан 1 мың ауған студенті үшін Елбасына ризашылығын білдірді

АЛМАТЫ. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Біз бауырлас қазақ елімен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтіп, тереңдетуді тағатсыздана күтіп отырмыз.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыда басталған Ауғанстан бойынша Ыстамбұл үдерісіне қатысушы-елдер Сыртқы істер министрлерінің ІІІ конференциясында Ауғанстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Джавед Лудин мәлім етті.

«Ауғанстан бауырлас қазақ елімен қарым-қатынасқа ерекше мән береді. Екі елдің арасындағы достықтың тамыры өте терең. Біздің бірнеше жүз жылдардан бері жалғасып келе жатқан ортақ тарихымыз, мәдениетіміз бен дініміз бар. Біздің өзара сыйластығымыз, қызығушылығымыз бен бейбітшілік пен қауіпсіздікке ұмтылысымыз ұқсас», - деді Ауғанстан СІМ басшысының орынбасары.

Д.Лудин Қазақстанның Ауғанстанға көрсетіп отырған гуманитарлық көмегі, әсіресе, 1 мың ауған студентіне Қазақстанда білім алуына мүмкіндік жасап, стипендия бөлгені үшін Елбасына ризашылығын білдірді. Оның айтуынша, бұл Ауғанстанның маңызды бағыттар бойынша дамуына жол ашады. Сондықтан да конференция барысында стипендияға ие болған студенттердің бірі өз лебізін білдірмек. Сауда, жүк тасымалы сияқты түрлі бағыттарда ынтымақтастықты дамытуға мүдделі болып отырған Ауғанстанның бас дипломаты Қазақстан бизнесмендерін инвестиция үшін зор мүмкіндікті пайдалануға шақырды.

Соңғы жаңалықтар