19:35, 23 Ақпан 2010 | GMT +5
Ауғанстанда мерт болған американдықтардың саны 1000 адамға жетті
АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат - Американдықтардың Ауғанстанда жүргізген бүкіл операциясы кезіндегі мерт болған жауынгерлерінің саны мың адамға жетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
2001 жылдан бері американдық әскерлердің ең көп шығынға ұшырағаны 2009 жыл болды - 316 адам. Ауғанстанда 2008 жылы - 155, 2007 жылы 117 американдық опат болды. 2010 жылдың екі айға толмайтын уақыты ішінде Ауғанстандағы американдық контингенттің 54 адамы ажал құшты, бұл 2001 жылдан 2004 жылға дейінгі аралық кезеңіндегі жыл сайынғы адам шығындарынан асып түседі.