Ауғанстанды бомбалағаны үшін ГФР Қорғаныс министрлігін сотқа берді

АСТАНА. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат - Құндызда (Ауғанстан) НАТО-ның әуе соққысынан кейін тірі қалған жанармай таситын көлік жүргізушісі ГФР Қорғаныс министрлігін сотқа берді. Ол ақшалай төлемақы мен ұзақ уақыт көрсетілетін медициналық көмек талап етеді, деп хабарлайды РБК.
None
None

2009 жылдың қыркүйегінде әуеден соққы берілген, ал оған бұйрықты бундесвер полковнигі Георг Кляйн берген екен.

Зардап шегуші, Германиядан дене жарақаты үшін төлемақы және ұзақ мерзімдік медициналық көмек көрсетуді талап етеді. Бұл жөнінде арызданушының берлиндік қорғаушылары айтты.

Арызданушының айтуынша, аталған оқиға салдарынан қаза тапқан және жарақат алған 86 отбасының әрқайсысына Берлин дәл қазіргі уақытта 5 мың доллардан төлеп отырғанымен, зардап шегуші Германия үкіметі уәде еткен төлемақыны әлі күнге алмаған.

Қыркүйектің 3-інде, жұма күні Германия оқиғаны зерттеу аяқталды, деп мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2009 жылғы қыркүйектің 4-індегі әуе соққысы салдарынан Құндызда 142 адам қаза тапты, олардың басым бөлігі бейбіт тұрғындар болған.

Соңғы жаңалықтар