Ауғанстаннан бітімгершілік күштерін қарқынды шығару елде азамат соғысының тұтануына себеп болуы мүмкін - Өзбекстан Президенті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстаннан бітімгершілік күштерін қарқынды шығару елде азамат соғысының тұтануына себепші болуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейін Өзбекстан Президенті Ислам Каримов мәлім етті.
None
None

Өзбекстан басшысының айтуынша, қазіргі уақытта Ауғанстанда тұрған бітімгершілік күштерді қарқынды шығару тосын жайттардың орын алуына түрткі болуы ықтимал.

«Бітімгершілік күштерді қарқынды шығарудың салдары кері нәтижелер әкелуі ықтимал. Яғни, қысым барынша күшейіп, лаңкестік күштердің қарқын алуы мүмкін. Тіпті, азаматтық соғыстың жаңа кезеңі туындауы мүмкін дер едім. Ауғанстаннан коалиция әскерін шығару Иракта орын алып жатқан жайттарға жетелеуі ықтимал»,- деді ол.

И.Каримовтың сөзіне қарағанда, АҚШ пен оның одақтастарының Ирактан әскерлерін қарқынды шығаруы аталған мемлекетте және Сирияда орын алып отырған жайттарға себеп болды.

«Яғни, исламшыл фанаттық күштердің барынша күшеюіне түрткі болды. Бүгінде олар тек аталған аймақтарға ғана емес, сонымен бірге өз ықпалдарын төңірегіндегі аймақтарға, ең бірінші барша мұсылман әлеміне таратуға ұмтылуда», - деді Өзбекстан Президенті.

Соңғы жаңалықтар