Ауғанстанның бүгінгі жағдайы ұйым қауіпсіздігіне қауіп төндіріп отыр - депутат Ә.Ахметов

СТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Ауғанстанның қазіргі жағдайы ұйым қауіпсіздігіне қауіп төндіріп отыр.
None
None

Сондықтан оның мәселесі Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының кезекті саммитінде өзекті мәселелердің бірі ретінде қаралады. Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтіп жатқан «Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы: «төрт Т» ұстанымы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда журналистерге сұхбат берген ҚР Сенат Мәжілісінің депутаты Әділ Ахметов осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халық қалаулысы хабарлағандай, бүгінгі таңда Ауғанстандағы соғысқа 56 елдің 43-і қатысып отыр. Біреулер әскермен көмектесіп жатса, екіншілер гуманитарлық көмек ұсынуда. «Бірақ ол соғыстың толастайтын түрі жоқ. Жақында АҚШ тағы да 30 мың әскерін жіберді. Ашығын айтсақ, ауған жерінен шығатын 99 пайыз есірткімен күрес жолында қаншама уақыт өтті. Дегенмен, әлі күнге дейін есірткі шығаратын ошақтар жойылған жоқ. Сонда бұл соғыс не үшін жүргізіліп жатыр? Ауған халқын қорғау үшін бе? Жоқ, әлде есірткі ошақтарын қызғыштай қорғау үшін бе? Бұл - үлкен мәселе. Сондықтан осы Ауғанстан мәселесі алдағы уақытта өтетін ЕҚЫҰ-ның саммитінде өзекті тақырыптардың бірі ретінде қаралады. Біз білеміз, Ауғанстан ұйымға мүше емес. Бірақ оның қазіргі жағдайы ұйым қауіпсіздігіне қауіп төндіріп отыр», - дейді Ә.Ахметов.

Айта кетейік, ЕҚЫҰ-ның соңғы саммиті 1999 жылы болған. Биыл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұйымның кезекті саммитін Астанада өткізуге ұсыныс жасады.

Соңғы жаңалықтар