Аусыл ауруына байланысты ШҚО-да 1700 бас малдың көзі жойылды
деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі ШҚО ТЖД сілтеме жасап.
«28 желтоқсан күнгі жағдай бойынша, өңірде аусылға шалдыққан 640 ірі-қара, 1071 ұсақ мал алынып, жоюға жіберілді. Вакцинация шаралары әлі жалғасуда», - делінген ШҚО ТЖД таратқан хабарламада.
Аталмыш карантиндік, арнайы эпизоотикалық оқиғаларға қарсы шараға 9 техника мен 65 адам жұмылдырылды.
Еске сала кетейік, жергілікті атқарушы органдардың шешімімен 23 желтоқсан күні аусыл ауруының ошақтарына карантин жарияланды.
19 желтоқсанда Қарабұта ауылында, Сарытерек аймағының «Алғабас» шаруа қожалығында ірі қара малдың аусыл ауруына шалдыққандығы анықталған болатын. Ұқсас жағдай 21 желтоқсан күні Бахты ауылының жеке аулалардың бірінде тіркелді.
Қазіргі уақытта Қарабұта ауылында: Сарытерек аймағында және «Бақты-Таскескен» тасжолының 92-шақырымында екі пост қойылды. Арнайы эпизоотикалық оқиғаларға қарсы отрядтың күшімен ауылдағы малдарды жаппай вакцинациялау шаралары жүргізілуде. Қазіргі уақытта малдардың еркін жайылымы мен мал өнімдерінің тасымалы тоқтатылды.