Аусыл ауруына шалдыққан 2 мыңнан астам малдың көзі жойылды - ШҚО

АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Шығыс Қазақстан облысында аусыл ауруына шалдыққан 2 мыңнан астам малдың көзі жойылды,
None
None

деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

«Бүгінгі таңда Үржар ауданының 3 ошағында 871 ірі-қара мал, 1152 ұсақ мал жойылған. Аусыл бойынша инфекция ошағында буферлік және қауіпті аймақтарда сәйкесінше шаралар жалғастырылуда. Барлық малдар вакцинацияланды», - деп жазады ведомство.

Халықаралық эпизоотикалық бюросының ұсыныстары мен ұлттық заңнаманың талаптарына сай аусыл ауруына шалдыққан малдар бюджеттен өтемақы төлеу арқылы жойылады. Осыған байланысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Үкімет қаулысын дайындау үстінде. Бұған сәйкес жойылған малдың шығыны республикалық бюджеттен нарықтық бағамен өтелінеді.

Еске сала кетейік, 19 желтоқсанда Қарабұта ауылында, Сарытерек аймағының «Алғабас» шаруа қожалығында ірі қара малдың аусыл ауруына шалдыққандығы анықталды. Ұқсас жағдай 21 желтоқсан күні Бақты ауылының жеке аулалардың бірінде тіркелді.

Жергілікті атқарушы органдардың шешімімен аусыл ауруының ошақтарына карантин жарияланды.

Аусыл ауруымен күресу үшін ветеринарлық дәрмектердің қажетті саны республикалық қорынан ШҚО Үржар ауданына вакциналармен дәрілеу құралдары жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар