16:22, 30 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Ауыл балаларына арналған қайырымдылық шыршасы
АТЫРАУ. Желтоқсанның 30-ы. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысының Индер ауданында алғаш рет жаңажылдық шыршаға тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан 100 бала шақырылды.

Балаларға арналған мереке аудан орталығында емес, Өрлік кентінде ұйымдастырылды. Индер ауданының әкімі Жангелді Рахметқалиев балаларды Жаңа жылмен құттықтады, оларға жаңажылдық сыйлықтар тапсырды.