17:13, 14 Наурыз 2009 | GMT +5
Ауыл кәсіпкерлеріне шағын несие беру жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
ОРАЛ. Наурыздың 14-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Елбасының биылғы Жолдауында ауыл әкімдеріне бөлінетін қаржы арқылы кәсіпкерлерге шағын несие берілетіні айтылды.
Жаңақала ауданында тұратын соғыс және еңбек ардагері Мәжит Жадановтың ҚазАқпарат тілшісіне мәлім еткеніндей, бұл, сөз жоқ, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Қазіргі таңда ауданда 12 заңды, 732 жеке тұлға кәсіпкерлікпен айналысуда. Олар өткен жылы 39370 мың теңгенің несиесін алды. Мәселен, ет тұтыну кооперативінің жетекшісі Сапар Тілеуғалиев «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 28 млн. теңге көлемінде несие алып, өндіріс орнын жаңа техникалық жабдықтармен қамтыды. Енді кәсіпкер Елбасы Жолдауынан соң шағын несиенің көмегімен тың істер қолға алынып, жаңа жұмыс орындары ашыларына сенімді.