Ауыл кәсіпкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетілуде - Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Ауылдық жерлердегі қаржылық тұрақтылықты сақтап, кәсіпкерлерді қолдау үшін Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы мен облыс әкімдігі бірлесіп семинар-жиын ұйымдастырды, деп хабарлады облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен.
None
None

Семинар-жиынға облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов, аймақтық кеңес төрағасы Асқар Махамбетов, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Руслан Досмаханов, сонымен қатар облыстық басқарма басшылары мен «Даму», «ҚазАгроҚаржы», «Аграрлық несие корпорациясы», «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры», «Қазақстан халық банкі» АҚ Қызылорда облыстық филиалдарының басшылары қатысты.

Жұмыс тобының өкілдері жиын барысында кәсіпкерлерге берілетін мемлекеттік қолдаулар жөнінде кеңінен түсінік берді. Сондай-ақ «Қызылорда» аймақтық инвестициялық орталығының ауылдық елді мекендерде бастау алған жобаларды жеңілдікпен қаржыландыруға қызмет ететіндіктерін баса айтты.

«Семинардың басты мақсаты - ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлермен тығыз байланыс орнатып, аймақтағы қаржы институттары арқылы бастаған кәсіптерін қаржыландыру. Бұл біздің бүгінгі күнге қойып отырған басты басымдықтарымыздың бірі», - дейді Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Руслан Досмаханов.

Шараға Сырдария, Жалағаш, Арал және Қазалы, Жаңақорған, Шиелі аудандарының кәсіпкерлері жоғары белсенділікпен қатысты.

Соңғы жаңалықтар