16:48, 05 Қаңтар 2012 | GMT +5
«Ауыл» СДП-ның көшбасшысы Қарағандыда сайлаушылармен кездесті
ҚАРАҒАНДЫ. 5 қаңтар. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Бүгін Қарағандыда «Ауыл» Социал-демократиялық партиясының төрағасы Ғани Қалиевтың сайлаушылармен кездесуі болып өтті.
Ғ.Қалиев партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. «Ауылдағы жер қатынастарын өзгерту қажет, істен шығып қалғанның бәрін тарту, өндірістің көлемін көбейту керек», - деді «Ауыл» СДП-ның көшбасшысы. Партия көшбасшысы қалаға кеткен ауылдастарды қайтаруды ұсынып отыр. «Бірақ бұл үшін ауылда қолайлы өмір жағдайларын жасау керек», - деп қосты ол.
«Ауыл» ауыл шаруашылығын дамытуда мемлекеттік қолдауды арттыруды жақтайды. «Жаңа техника шығындары, жаңа технологияларды енгізу, облыстағы ауыл шаруашылығының ғылыми ізденістері ЖІӨ-де ең болмағанда 2,5%-ға көп болуы тиіс», - деді Ғ.Қалиев.