Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков жұмыс сапарымен Алматы облысында болды

ҚР АШМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жаңа көкөніс сақтау қоймасы Алматы қаласының айналасында азық-түлік аумағын қалыптастыратын стратегиялық маңызы бар нысандардың бірі болып табылады және ол ауылшаруашылық өнімдерін сақтау инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.
Кәсіпорын жекеменшік инветициялардың есебінен жеміс-көкөністі өнімдерді сақтауға арналған. Қойманың жалпы қуаты 3 мың тоннаға жуық. Нысанның жалпы құны - 450 млн. теңге (3 млн. АҚШ доллары). Нысанды салу барысында отандық материалдар пайдаланылды. Сұрыптау-қаптау құрылғысы Голландиядан әкелінді.
Жалпы бүгін республика бойынша 667 мың тонна сыйымдылығымен 682 көкөніс сақтау қоймасы бар.
Алматы облысында жалпы сыйымдылығы 80 мың тоннаны құрайтын көкөніс сақтау қоймасы жұмыс істейді.