12:36, 07 Мамыр 2010 | GMT +5
Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев Алматы облысында сапармен жүр
ТАЛДЫҚОРҒАН. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев Алматы облысына жұмыс сапарымен келді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, министрдің жұмыс сапары Қарасай ауданынан басталады. Ол «Аврора-Агро» жылыжай кешінінде болады. Одан кейін Іле ауданында болып, «Сарыбұлақ» серіктестігінің соя өңдеу зауытын аралайды. Ал Қапшағай қаласында министр «Жаңа Ақдала» шаруашылығының жұмысымен танысады.
Түстен кейін А.Күрішбаев Талдықорғанға келеді. Ақсу ауданында болып, ондағы Қызылағаш су қоймасындағы бөгетті және егістік алқаптарын аралайды.
Министрдің сапары ертең де жалғасады. Бұл күні министр Ескелді, Көксу және Қаратал аудандарында болады.