11:51, 28 Мамыр 2009 | GMT +5
Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев жұмыс бабындағы сапармен Шығыс Қазақстанға барды
ӨСКЕМЕН. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін Шығыс Қазақстанға жұмыс бабындағы сапармен Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев келді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Екікүндік сапардың аясында министр бүгін түске дейін «Шығыссүт» кәсіпорнының май зауытына және сүт фермасының құрылыс алаңына ат басын тірейді. Одан кейін А.Күрішбаев Өскемен құс фабрикасындағы тоңазытылған құс етін өндіретін алғашқы зауыттың ашылу рәсіміне қатысады. Ал түстен кейін министр «Майлы дақылдар тұқымдығы» шаруа қожалығы мен «Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы» мекемесін аралайды, аймақтың агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарымен танысуды аяқтағаннан кейін аграршылармен көшпелі жұмыс кеңесі өтеді. Ертең, мамырдың 29-ында министр Шемонаиха ауданындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуші кәсіпорындарды аралайды.