Ауыл шаруашылығы министрі қостанайлық шаруалардың кеңесіне қатысты

ҚОСТАНАЙ. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Бүгін Қостанайда осы аймақтың агроөнеркәсіптік кешені қызметкерлерінің егіс науқаны мәселелері және Қазақстан, Ресей мен Беларустың жаңа Кеден одағы аясындағы жұмысы бойынша кеңесі өтті.
None
None

Алқалы жиын жұмысына ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев, Экономикалық даму және сауда вице-министрі Тимур Сүлейменов, сондай-ақ жергілікті билік органдарының өкілдері, облыстық ұйымдардың, ғылыми мекемелердің, ірі астық компанияларының, тауар өткізуші фирмалардың басшылары, ауыл шаруашылығы құрылымдарының жетекшілері қатысты.

Кеңеске төрағалық еткен Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин өз сөзінде: «Алдағы егіс науқанына дайындық пен оны талапқа сай өткізу Қазақстанның Кедендік одаққа кіруі мәселесінде үлкен маңызға ие» - деп атап көрсетті.

Ауыл шаруашылығы министрі А. Күрішбаев Кедендік одақ жұмысының пайдасы жайттарына тоқтала келе, «озық технологияларды пайдаланумен өсірілген астық өндіруге биыл мемлекетіміз жәрдем ақша қаражатын екі есе көлемінде арттырды», - деп атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар