Ауыл шаруашылығы министрлігі браконьерлікке қарсы күрес бойынша жүйелі жұмыстар атқаруда

Атап айтқанда, үстіміздегі жылдың 18-27 ақпаны аралығында ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен табиғатты қорғау заңнамасын бұзу бойынша жаңа фактілер анықталды. Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен брифинг барысында мәлім болды.
«Орман және жануарлар әлемін қорғау бойынша «Өрлітөбе мекемесі» және Железинка ауданының АІІБ қызметкерлері бірлесе өткізген рейдтік шаралар барысында Павлодар облысы Железинка ауданының «Қожамбай» шатқалының маңында «Мицубиси» автокөлігінен қарақұйрықтың үш бөлінген ұшасы табылды. Бұл ретте жануарлар әлеміне келтірілген залал 485400 теңгені құрайды. 4 мылтық, көлік құралдары және заңсыз аң аулаушылар Железинка ауданының АІІБ-не сәйкесінше процессуалды шараларды орындау үшін жеткізілді», - делінген баспасөз айғағында.