Ауыл шаруашылығы өнімдері әлемдік бәсекеде тайталаса алатындай сапалы болуы қажет

ОРАЛ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» ХДП ХІІ съезінде дағдарысқа қарсы шаралар ретінде ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп саласын дамытуға бар күш-жігерімізді арнау қажеттігін атап көрсетіп, экспортты әртараптандыру мәселесіне де тоқталды.
None
None
Шындығында да біздің өнімдеріміз әлемдік бәсекеде тайталаса алатындай сапалы болуы қажет. Бұл туралы съезд делегаты, облыстық мәслихат депутаты, Сырым ауданындағы «Көктөбе» ЖШС директоры Кейпін Төлегенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оның сөзіне қарағанда, Елбасының іскерлігі мен біліктілігі арқасында әлемдік қаржы дағдарысы кезінде алғашқылардың бірі болып дұрыс шешім қабылдадық, біз мұны әрқашан да мақтан етуге тиіспіз. Бұл күндері съезден үлкен әсермен оралған делегаттар өз істеріне тың серпінмен кірісуде. Соның ішінде ауыл шаруашылығы саласында жұмыс жасайтындар көктемгі егіс жұмыстарын сапалы аяқтап, көңілдерін бірлеп отыр. Осы орайда «Көктөбе» ЖШС жыл сайын өндіріс озаттарының мәртебесін көтеріп, еңбегін бағалаудан танған емес. Тіпті ерекше көзге түскендерге «темір тұлпарлар» да табыс етіліп келеді. Серіктестік биылғы жылдың да табысты боларына сенімді.
Соңғы жаңалықтар
Референдум