Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын жетілдіру үшін көлік дәліздерін жетілдіру керек - А.Мамытбеков

Бұл Қазақстандағы ауыл шаруашылығы экспортын дамытуға кедергі болып отырған ең өзекті мәселелердің бірі», - деді бүгін Ауыл шаруашылығы министір Асылжан Мамытбеков елордада өткен «Жаңа онжылдық: Болашақтар мен талаптар» атты IV Астаналық экономикалық форумның жалпы сессиясында.
Оның сөзіне қарағанда, экономикалық өсім үшін жақсы қызмет ететін қаржы жүйесі қажет. «Алайда бұның өзі жиынтық сұранысты қамтамасыз етуге жеткіліксіз. Қоғамның әлсіз топтары өздерінің нарықтық мүмкіндіктерін игерулері үшін оларға алуан түрлі қаржы өнімдері мен қызметтерге қолдары жететіндей болуы керек. Қазақстанда осындай мәселелермен байланысты проблемаларды шешуге бағытталған жақсы тәжірибе қалыптасқан. Ол тәжірибе «ҚазАгро» ұлттық басқару холдингіне кіретін компаниялар арқылы жүзеге асырылады. Оның қаржылық қызметтері қоғамның түрлі өкілдерінің мүдделеріне сай. Еліміздің агроөндіріс кешенінен «ҚазАгро» холдингі арқылы осы уақытқа дейін 3,5 миллион АҚШ долларынан астам қаржы жұмсалды», - деді министр.