Ауыл шаруашылығы, оның ішінде астық дақылдары саласында Қазақстанмен ынтымақтастықты дамыту біз үшін маңызды - Иорданияның АШМ

АММАН. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Иордания жыл сайын шамамен 1 млн. тоннадай астық тұтынады. Біз бұның тек 10 пайызын ғана өндіреміз. Сондықтан, Қазақстанмен ауыл шаруашылығы, оның ішінде астық дақылдары саласындағы ынтымақтастық біз үшін маңызды болып табылады.
None
None

Бүгін Амманда өткен Қазақстан мен Иордания арасындағы Іскерлік кеңестің 3-ші отырысының аясында журналистерге берген сұхбатында Иорданияның Ауыл шаруашылығы министрі Саид Масри осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың көкжиегі кең. Иордания азық- түлік тағамдарының 90 пайызын импорттайды. Қазақстан астық дақылдарын негізгі экспорттаушылардың бірі. Сондықтан біздердің астық дақылдары, мал шаруашылығы өнімдері саласындағы ынтымағымыздың перспективасы зор», деді сұхбатында С. Масри.

Министр  Иордания да ауыл шаруашылығы елі болғанымен, мұнда аталмыш саланы дамыту жағдайы өте ауыр екенін айта келе: «Бізде негізінен көкөністер мен жеміс-жидектер өндіріледі. Қазақстанда қыс мезгілінде көкөністер мен жеміс-жидектерге сұраныс көбейеді. Біз оларды Қазақстанға экспорттай аламыз. Иорданияның ауыл шаруашылығындағы тәжірибесі зор. Сонымен бір мезгілде біз көптеген ауыл шаруашылығы өнімдерін, әсіресе астық дақылдарын импорттауға мұқтажбыз. Ал, Қазақстан болса көкөністер мен жеміс-жидектерді импорттауға мәжбүр. Сондықтан, біз Іскерлік кеңестің алдағы отырысында Иордания мен Қазақстан арасында қандай салалардағы ынтымақтастықты дамыту қажеттігін, қандай салаларға инвестиция салу керектігін талқылаймыз», деді.

 «Әрине, географиялық жағынан алғанда Иордания мен Қазақстан арасындағы қашықтық айтарлықтай алыс. Алайда, бізде Ресей және Қазақстанға жақын жатқан өзге де елдермен ынтымақтастықта тәжірибеміз бар. Біз бұл тәжірибені Қазақстанмен ынтымақтастықта пайдалана аламыз. Біздің ортақ мақсаттарымызды бетке ала отырып бұл мәселені перспективада қарай аламыз», деп тұжырды сөзін министр.

Соңғы жаңалықтар