Ауыл шаруашылығы саласында ЖІӨ көлемі 38 млрд. теңгеге жетті - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жыл басталғалы бері ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 38 миллиард теңгені құрап,  өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жоғары болды. 
None
None

Соның нәтижесінде жеке индекс көлемі 107,5 пайызды құрады.

Бұл туралы өңір басшысы Сергей Кулагиннің қатысуымен өткен әкімдік отырысында айтылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
Отырыста баяндама жасаған облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаровтың айтуынша, бұл көрсеткішке өңірде ауыл шаруашылығы тауарын өндіру және мал басы мен құс саны артуының арқасында қол жеткізіліп отыр.
Сондай-ақ Еңбекшілдер ауданындағы «Қазгер құс» ЖШС-де жаңа құс фабрикасының салынуы, Ақкөл ауданында «Үш бұлақ» ЖШС-нің пайдалануға берілуі де оң әсер етті.
Айталық, өңірде жұмыртқа өндірісі көлемінің артуы арқасында Ақмола облысы өз қажеттілігімен қатар,  елордамызды да осы өнім түрімен қамтамасыз етуде. Одан қалды экспорттқа да шығаруда. Жалпы жыл соңына дейін барлығы 200 миллион дана жұмыртқа экспортталады деп жоспарланған. Бұл осы өңірден шетел нарығында шығып отырған астық, ұн, ет және картоп тәрізді ауыл шаруашылығы өнімінің бесінші түрі.

Облыста 2015-2018 жылдарға арналған Астана қаласы айналасындағы азық-түлік белдеуін дамыту жөнінде кешендік бағдарлама қабылданған. Осы жоба аясында  «Сыбаға», «Алтын асық» және «Құлан»тәрізді мемлекеттік бағдарламалар арқылы мал басын көбейтіп, өндіріс көлемін арттыру көзделген. Сонымен қатар биылғы жылы «Ырыс» бағдарламасы арқылы 14 сүтті - тауарлы фирманың құрылысын қолға алу жоспарланған. 

 

Соңғы жаңалықтар