Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мен нан бағасын ұстауға бағытталған барлық шаралар қабылданды - С. Ахметов

АСТАНА.  17 қазан. ҚазАқпарат - Елімізде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мен нан бағасын ұстап тұруға бағытталған барлық шаралар қабылданды.
None
None

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын талқылау барысында Үкімет басшысы Серік Ахметов осылай мәлім етті.

«Аталған мәселенің маңыздылығын ескере отырып, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында Үкіметте және жергілікті жерлерде «Агроөнеркәсіп кешенін дамыту   2020» бағдарламасына толықтыру енгізу мәселесі белсенді түрде талқыланып жатыр. Оның ішінде егістің болмай қалу қаупіне қатысты тәуекелдер де қарастырылады. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді сауықтандыру,  балама қаржыландыруға қатысты мәселелер де талқыланып жатыр», - дейді С. Ахметов.

Бұдан бөлек, Премьер-Министр өңірлерде нан мен ұн бағасын белгіленген шекті бағада ұстау үшін барлық мүмкіндіктер қамтылғанын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар