Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану мәселесі талқыланды - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР. Қазанның 2-сі. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Павлодар облысында егістікке жарамды 4 миллион гектар жердің 37 пайызы пайдаланылмайды және тыңайған жер болып табылады. Облыс басшысы Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өткен ауыл шаруашылығына арналған жерлерді пайдалану мәселелеріне арналған кеңесте осындай мәлімет келтірілді.
None
None

Мұндай алқаптардың басым бөлігі Екібастұзда, Ақтоғай және Май аудандарында орналасқан. Сол жерлерді тиімді пайдалану бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі, дейді мамандар.

Заң бойынша, 2 жылдан астам уақыт иесіз жатқан жер, әрі қарай қайта үлестіру үшін мемлекеттің қорына қайтарып алынуы керек. Жылдың басынан бері жалпы ауданы 112 мың гектарды құрайтын осындай 205 учаске есепке алынды, қыркүйектің 1-індегі жағдай бойынша ширек миллион гектар жер есепте тұр.

Б.Сағынтаев аудан әкімдеріне, жер қатынастары басқармаларымен бірлесіп, осындай жерлерді түгендеуді және оларға тұрақты мониторинг жүргізіп отыруды міндеттеді.

Соңғы жаңалықтар