«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның белсенді қарыз алушыларының 50 пайызын әйелдер құрайды

Оның 33,9 пайызы немесе 996,2 миллион теңгенің 1342 микрокредиті әйелдерге берілді. Бұл қаражат 8 976 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, 32 203 бас мал сатып алуға және 5 898 гектар жерге дақылдар себуге мүмкіндік берді. Ал микрокредиттік ұйымдарды несиелеу бағдарламасы бойынша 279 миллион теңгенің 24 ұйымы қаржыландырылды.
Қор «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 4 351,8 млн. теңгенің 725 жобасын қаржыландырды. Бұл қаржыға 26 290 бас сиыр мен 683 бұқа сатып алынды. «Бизнес-аймақ» бағдарламасы бойынша 102,5 млн. теңгенің 39 жобасы қаржыландырылды. Оның ішінде 17 млн. теңгенің 11 кредиті әйелдерге берілген болатын. Оған 177 бас ірі қара, 61 жылқы алынып, 3 мың гектар жерге астық дақылдары, 16 гектарға бақша дақылдары егіліп, 107 адам жұмыспен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ «Егінжай» бағдарламасы бойынша 703,4 млн. теңгенің 318 жобасы қаржыландырылды. Оған қарыз алушылар 170 мың гектар жерді өңдеп, дақылдар септі.
«Биыл қор енді Ислам даму банкімен бірлескен жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Өткен жылы қорға 10 миллион доллар көлемінде заем беру туралы келісімге қол қойылған болатын. Ондағы талаптардың бірі микрокредит беруде тепе-теңдікті сақтау. Сол себепті несиенің тең жартысы әйелдердің бизнес-бастамаларын қаржыландыруға бағытталады. Мұндай жобалар биыл 375 миллион теңгені құрайды деп болжануда», - дейді қордың Басқарма төрағасының орынбасары Алмас Таубаев.