Ауыл тұрғындары құтқарушыларға алғыс айтты - БҚО

ОРАЛ. 27 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Кеше БҚО төтенше жағдайлар департаментіне Зеленов ауданының Достық және Мирный елді мекендері тұрғындарынан алғысхат келіп түсті.
None
None

Департаменттің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, Достық ауылының тұрғындары «Ақ берен» РМК жасағы жауынгерлеріне, оның басшысы Әділбек Көбеновке су тасқыны кезіндегі жәрдемі үшін шынайы көңілден ризашылығын білдірген.

Мирный елді мекені тұрғындары ТЖМ бөлімшелері, Шалқар көліндегі №2 стансасы құтқарушыларына (басшысы Мұқанғали Ғұбайдуллин) адамдарды көшіру кезінде ұйымшылдық танытқаны үшін алғыс айтқан.

Соңғы жаңалықтар