Ауыл тұрғындары су тасқынына қарсы тұруда - БҚО

ОРАЛ. 15 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Су тасқынына Орал қаласы іргесіндегі Мичурин ауылының тұрғындары да қарсы тұруда.
None
None

Жергілікті тұрғындардан құрылған ынталы топтың басшылығымен құм салынған қаптармен, топырақпен жағалау бекітілуде. Ауыл тұрғындарына қала мешітінен, жастар ұйымдарынан, Щапов, Трекин, Рубежка ауылдарынан көмек келді. 13 сәуірден 14 сәуірге қараған түні №5517 әскери бөлімнің сарбаздары жауған жаңбырға қарамастан жұмыс істеді.

Мичурин орта мектебінде үйлері су астында қалған 44 адам орналастырылған. Оларға Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті қайырымдылық түстігін ұйымдастыруда. Алдында кәсіпкер, облыстық мәслихат депутаты Ақсерік Әйтімов басқаратын осы университет Зеленов ауданындағы су басқан өзге ауылдарға қолұшын берген болатын.

Соңғы жаңалықтар
Референдум