Ауыл тұрғыны тасқын кезінде жиырмадай баланы судан алып шықты

ОРАЛ. 3 мамыр. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Биылғы сәуір айында болған су тасқыны кезінде батылдық танытқан қарапайым адамдар аз болған жоқ.
None
None

Соның бірі - Зеленов ауданы Белес ауылдық округіне қарасты Ақжол елді мекенінің тұрғыны Бақыт Рсаев еді. Ол алдымен өзінің кішкентай бауырларын құтқаруға ұмтылды. Оларды қауіпсіз жерге шығарғаннан кейін көршілерінің де осындай халде екенін көрді. Бақыт белуардан салқын су кеше жүріп, барлығы жиырмадай баланы судан алып шықты. Өзіне де салқын тиіп, ауруханаға жатып, ем алды.

Қазір жас жігіт Белес ауылындағы туысқандарының үйінде. Өз баспанасы күрделі жөндеуді қажет етеді.

Зеленов ауданының әкімі Ғайса Қапақовтың айтуынша, айтып келмейтін табиғат апаты кезінде барлық адам жұмыла қимылдады. Құтқарушылармен қатар су баспаған өзге ауылдардан да тұрғындар шұғыл келіп, бірнеше күн бойы ұйықтамай, тілсіз жауға қарсы тұрды. Соның нәтижесінде адам шығынына жол берілген жоқ. Ал малдың орнын халық толтырып берді.

Соңғы жаңалықтар